Адал азамат
«Адал Азамат» тұжырымдамасын іске асыру және Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу шеңберінде (25 қазан) «Звездочка» және «Жемчужина» топтарында тақырыптық мерекелік іс-шаралар өтті. Іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеуге, олардың бойында адамгершілік құндылықтарды, адалдықты, туған елдің тарихы мен дәстүрлерін құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған. Тәрбиеленушілер Мемлекеттік әнұранды орындап, Қазақстан туралы өлеңдер оқып, шығармашылық қойылымдар көрсетті.